Тақырыбы: «Спорт және отбасы».
Тәрбиешілер: Бекенова Айдана, Кеңесова Ақбота, Шоқпарова Қалила.
Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдық іскерлігін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және нақты орындай білуге үйрету. Балалардың ынталы іскерлігін арттыру, ата- анамен жақсы достық қатынасын қолдау. Балаларды спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы ойын техникасын меңгерту.