"Ғажайып ертегілер әлемі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
"Бәйшешек" бөбекжай-бақшасында "Ғажайып ертегілер әлемі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Ертегі арқылы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағыларын қалыптастыру, театрландырылған қойылымдар арқылы сөздік қорын байыту, дыбыстарды анық айтуға үйрету, кейіпкердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіріп дұрыс сөйлеуге баулу.
Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде ертегінің алатын ролі өте зор. Ертегі қай халықтың фольклорында да ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі. Ол ұрпақтан ұрпаққа тараған мол мұра. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі, арман тілегін,қиялын,даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақ та ол баланың ой қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін,сөйлеу қабілетін,тілін дамытып,сөздік қорын қалыптастырады.