Құрметті ардагерлер!
Сіздерді 1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймын!
Қазақ “Қариясы бар ел-қазынасы бар ел” дейді.Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау-біз үшін үлкен парыз.
“Үлкенге -құрмет, кішіге- ізет” ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол.
Ақыл кеңестің, үлгі- өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер, аман-есен жүргейсіздер! Дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін!
“Құлыншақ”ортаңғы тобы
Тәрбиешісі:Исмагулова Гульдана